×

Қазақстанда жаңа автокөліктер сатылымы 69%-ға өсті

Жыл басталғалы 23 500-ден астам көлік сатылған

Қазақстанда жаңа автокөліктер сатылымы 69%-ға өсті
Ашық дереккөздерден

Биыл ақпанда отандық ресми диллерлер 12 405 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника, сонымен қатар, 710 жүк көлігі мен автобусын сатқан. Бұл 2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда 69,1% көп. Ал жыл басталғалы 23 547 көлік өткен, бұл өткен жылмен  салыстырғанда екі есе жоғары, деп хабарлайды qaz365.kz Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығына (ҚАБҚ) сілтеме жасай отырып.

Үздік брендтер көшін әдеттегідей Chevrolet бастап тұр. Мұндай маркалы көліктің ақпанда 3 612 (2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда +329%) моделі сатылған. Hyundai диллерлері 3 458 (+55,4%) машина өткізді. Ал 1815 автомобилі иесін тапқан Kia (+122,7%) үштікті түйіндеп тұр.

Қауымдастықтың мәліметінше, Toyota модельдік топтамасына RAV4-ті қайтарғаннан кейін, бұл марка көлік саудасына оң әсер етіпті – 873 дана (-8,5%). Ал 667 машина сатқан Chery бесінші орынға тұрақтады.

Әрі қарай тізімде Exeed (370), Haval (352; +147,9%), Jac (322; +114,7%), Changan (247) және Lexus (237; +41,9%) бар.

Модельдер қатарында 2652 данасы өткен Chevrolet Cobalt оқ бойы озық тұр. Екінші орын Hyundai Tucson (1293) еншісінде, ал үшінші орынға Chevrolet Nexia (710) жайғасты. Одан бөлек тізімде Hyundai Elantra (580), Kia Sorento (553), Kia Sportage (531), Hyundai Santa Fe (520), Hyundai Accent (452), Kia Ceed (303) және Hyundai Sonata (292) орналасқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →