×

Ақмола облысында медицина қызметкерлері бір реттік жәрдемақыдан қағылып отыр

Өз құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау және уәкілетті органдарға жүгінуге құқы бар

Ақмола облысында медицина қызметкерлері бір реттік жәрдемақыдан қағылып отыр
Ашық дереккөздерден

Ақмола облысында «Авиценна-Бурабай» ЖШС қызметкерлері бір реттік төленетін сауықтыру жәрдемақысынан қағылып отыр. Бұл туралы медицина қызметкерлері облыс басшылығы мен құзырлы органдардан көмек сұрап хат жазды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, Бурабайдағы көпбейінді ауданаралық аурухана осыдан бірнеше жыл бұрын «Авиценна-Бурабай» ЖШС меншігіне өтіп кеткен. Соның салдарынан ЖШС басшылығы биылдан бастап 600-ден астам қызметкерге бір реттік төленетін сауықтыру жәрдемақысын беруді доғарған.

«Осы күнге дейін сауықтыру жәрдемақысын алып келдік. Енді жаңа жылдан бастап оны төлемейтін болды. Қайта құру кезінде қандай шарттар болды, медицина қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктер қарастырылды ма, біз одан бейхабармыз. «Авиценна-Бурабай» ЖШС әкімшілігі бұл туралы бізге хабарлаған жоқ. Сол себепті, біз мұндай шешімге мүлдем қарсымыз», - дейді терапевтік учаскелік қызметтің медбикесі Жазира Жәкенова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2017 жылғы 12 маусымда Денсаулық сақтау басқармасы мен «Авиценна-Бурабай» ЖШС арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалған. 2023 жылға дейін жұмысшыларға сауықтыру жәрдемақысы төленіп келді. Алайда, биыл жеке ұйым жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өз бетінше шешім қабылдаған. Бірақ Денсаулық сақтау басқармасы мен Ақмола облысының әкімдігін бұл туралы хабардар етпеген. Сондай-ақ қызметкерлерге заңда белгіленген мерзімде еңбекақы төлеу шарттарының өзгергені туралы ақпарат бермеген.

«Бұл ретте медицина қызметкерлерінің еңбек шарттарында демалыс беру кезінде төлемдерді реттеу туралы ереже көзделмеген. 2023-2025 жылдарға арналған салалық келісімде Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бергенде жылына бір рет қызметкердің бір лауазымдық жалақысынан кем емес мөлшерде сауықтыру жәрдемақысы төленеді», - деді ведомстводан.

Бұл даулы оқиғаға қатысты Ақмола облысы әкімдігі түсініктеме берді.

«Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан «Авиценна-Бурабай» ЖШС басшысы Евгений Бекаевқа келісімшартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіру және медицина қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу қажеттігі түсіндірілді. Осы ретте, медицина қызметкерлері өз құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау және уәкілетті органдарға жүгінуге құқы бар», - деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →