×

"Пинта" бір күнде қазақша сөйлеп кетті

Мейрамхана бұрындары қазақша ән қоспайтын еді

"Пинта" бір күнде қазақша сөйлеп кетті
Instagram / Pinta_Almaty

Қазақша әндер қоспаймыз деген “Пинта” мейрамханалар желісі өз ұстанымын өзгертті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желіде мейрамхананың әншілермен чатынан скриншоттар тараған болатын. Онда әншілерге мейрамханада қазақша ән айтуға болмайтыны жазылған. Егер қонақтар қазақша ән сұраса, репертуарда қазақша ән жоқ екенін айтуды немесе менеджерді шақыруды ұсынған.

Ал қазір мейрамхананың Instagram парақшасында барлық ақпарат бірінші мемлекеттік тілде, содан кейін барып орыс тілінде беріледі. Сондай-ақ stories-тен қазақша әндердің шырқалып жатқанын байқауға болады.

Cонымен қатар мейрамхана желісі екі тілде де қызмет көрсететіні жайлы бөлек жазба жариялады.

“Құрметті достар, ПИНТА мейрамханалар желісі нарықта 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді

Қонақпен және қызметкерлермен барлық ішкі және сыртқы байланыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, атап айтқанда: мәзір, мейрамханадағы қызмет, жарнамалық құралдар, әлеуметтік желілердегі жариялымлар және оқыту құралдары.

Әр жұма және сенбі күндері барлық мейрамханаларда музыкалық ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп, онда қаланың үздік музыканттары мен dj-лері өнер көрсетіп, қазақ тіліндегі танымал әуендерді де орындайды!

Біз сізді мейрамханаларымызда көруге әрқашан қуаныштымыз!” – делінген жазбада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады
Бүгін, 18:21

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі Роза Айтматова мерейтойға мемлекет ақша бөлсе, дау болады деп топшылайды
Жалпы баға екі әдіс бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орта мәнімен есептелді
Тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →