×

Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 мүшесі ұсталды

Ойын-сауық орындарының иелерін өздерінің қамқорлығын қабылдауға мәжбүр еткен

Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 мүшесі ұсталды
polisia.kz

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қызылорда қаласындағы криминогендік жағдайға ықпал еткен қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық топқа қатысушылардың қылмысын әшкерелеу бойынша өткізілген арнайы операция барысында полиция органдарына 10 күдікті жеткізілді.

“Олар күзет қызметінде өздері ықпалын жүргізетін аумақтарды бөліске салу үшін бірнеше рет қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Ойын-сауық орындарында әдейі жанжал туғызып, сол орындардың иелерін өздерінің қамқорлығын қабылдауға мәжбүр еткен. Қылмыстық топтың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға, соның ішінде кісі өлтіруге оқталу, ауыр дене жарақаттары мен бұзақылық жасауға қатысы бар екені анықталды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар олар әлеуметтік желілерде қоғамдық орындарда атыс қаруын қолданатын бейнероликтерді бірнеше рет жариялап, өздерінің шамадан тыс еркінсіп кеткендерін көрсетті. 20-дан астам тінту шаралары жүргізілді, оқ-дәрілер, суық қару және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →