×

Мектеп қызметкері мемлекеттің 9 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберген

Сондай-ақ ол 3 млн теңгеге несиесін жапқан

Мектеп қызметкері мемлекеттің 9 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберген
ашық дереккөзден

ШҚО-да сот мемлекеттің 12 млн теңгеге жуық қаржысын құмар ойынға жұмсаған мектеп есепшісіне үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

“Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 3-бөлігінің 1,2 тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін аз.М.-ға  қатысты (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның iрi мөлшерде, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қаралды”, – делінген облыстық сот хабарламасында.

Іс материалдарына сүйенсек,  М. «Күршім ауданы бойынша білім бөлімі» орта мектебінің  есепшісі бола тұра, 2018 жылдың қаңтар айынан 2022 жылдың шілде айы аралығында бюджеттік ақша қаражатын өзінің банктік картасына және мектепте қызмет атқармайтын туыстарының банктік карталарына заңсыз аударып отырғанн. Осылайша, мемлекетке 11 936 063 теңге сомасында залал келтірген.

Сотталушы М. кінәсін мойындап, 9 миллион тенгені құмар ойындарға, ал қалғанын кредиттерін жабуға жұмсағанын көрсетіп, бас бостандығынан айырмауды сұраған.

“Бұл қылмыс ауыр қылмыстар санатына жатады. Аталған қылмысты жасағы үшін екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде, сотталушының кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінетінін және жасөспірім балаларының болуын ескерді. Прокурор жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды келтірген жоқ. Сот азамат М.-ны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметті атқаруға өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады”, – деп хабарлады соттан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →