×

Тараз әкімдігі 4,6 млрд теңгеге конкурссыз шарт жасаған

Бұл бірінші жағдай емес екен

Тараз әкімдігі 4,6 млрд теңгеге конкурссыз шарт жасаған
Ашық дереккөздерден

Тараз әкімдігі қала көшелерін абаттандыруға және қызмет көрсетуге 4,6 млрд теңге сомасына келісімшарт жасасқан. Келісімшарт конкурстың ережелерін сақтамай, тікелей қол қойылған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Тапсырыс беруші - "Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ, орындаушы - "Жасыл Ел-Тараз" ЖШС.

Келісімшартқа сәйкес, мердігердің міндеттері келесідей:
-    қала көшелерін тазалап, күтіп ұстау;
-    кәріз сорғы станцияларына, субұрқақтар мен қалалық сумен жабдықтау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету;
-    аумақты абаттандыру;
-    қаланы күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер (көшелерді, саябақтарды, скверлерді, орамішілік аумақтарды жинау, сондай-ақ қоқысты шығару);
-    қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстау.

Бұған дейін "Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және орынбасары лауазымдарын атқарған Зият Тұрсынұлы мен Мақсат Нұржанов екі түрлі қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылған болатын.

ҰҚК Нұржановты 1,2 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін қамауға алған. Ол өз кінәсін мойындап, төрт жылға сотталған. Тапсырыс беруші компания бөлімінің басшысы және "Ерк Астана" ЖШС басшысы Тұрсынұлына қатысты қылмыстық іс әлі де сотта қаралуда.

Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінің конкурс шарттарын сақтамай жасаған келісімшарт туралы бұған дейін де бірнеше мәрте жазылған. Осы жылдың басында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов кеңес өткізген болатын. Нұржігітов өз сөзінде заң бұзғандар, яғни "бағынбаған мемлекеттік қызметшілер жұмыстан шығарылады" деді. "Бағынбағандардың" нақты қандай жауапкершілікке тартылатындығын уақыт көрсетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →