×

АҚШ визасы қазақстандықтар үшін 250 долларға қымбаттады

АҚШ-тағы заң талаптарын бұзбаған азаматтарға қайтарылады

АҚШ визасы қазақстандықтар үшін 250 долларға қымбаттады
Ашық дереккөзден

АҚШ-тағы журналист Ердана Ержанұлы АҚШ визасы қазақтар үшін не себепті 250 долларға қымбаттағанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистің айтуынша, жақында АҚШ президенті Дональд Трамп «One Big Beautiful Bill» атты жаңа заң жобасын мақұлдаған. Соның шеңберінде Америкаға визасыз саяхаттай алатын 42 елден бөлек, барлық елдің азаматтары студенттік, туристік алмасу бағдарламалары немесе уақытша жұмыс визаларына өтініші мақұлданса, ол 250 доллар төлейді. Яғни, виза консулдық бөлімде басылып шыққан соң осынша сома төлейсіз.

Егер АҚШ-та жүргенде виза талаптарын бұзбасаңыз, виза аяқталғанда елден шықсаңыз, заңсыз жұмыс істемесеңіз бұл ақшаңыз қайтарылады. Бұл төлем АҚШ-тың көші-қон саласын қадағалауға байланысты шығындарды жабуға көмектеседі деген ел билігінде пайым бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО-ның жергілікті атқарушы органдары өңірлердің жұмыс тиімділігі рейтингінде көшбасшы атанды
Кеше, 21:18

ШҚО-ның жергілікті атқарушы органдары өңірлердің жұмыс тиімділігі рейтингінде көшбасшы атанды

Жалпы баға екі әдіс бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орта мәнімен есептелді
Тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған
Kcell соңғы 20 жылдан бері абоненттерін алаяқтықтан қорғау жүйесін жүйелі дамытып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →