×

Таразда бес банк 6 млн теңге қарызы бар жалғызбасты анамен соттасты

Тараз қаласының тұрғыны, кәмелетке толмаған төрт баланың анасы тұтынушылық несие бойынша бес банкке 6 млн теңгеден астам қарыз болған.

Таразда бес банк 6 млн теңге қарызы бар жалғызбасты анамен соттасты
Ашық дереккөзден

Бес банк Таразда жалғызбасты анамен соттасты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоғарғы сот мәліметінше, әйел балалардың әкесімен ресми некеде емес, ЖШС-де оператор болып жұмыс істейді. 220 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бұл ретте оның ай сайынғы несие бойынша төлемдері 395 мың теңгені құрап, табысынан едәуір асып түскен. Сонымен қатар, ол отбасы шығындарын төлейді. Сотқа жүгінген кезде көп балалы ана төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді сұраған. Талап қоюында ол несиелік жүктеменің шамадан тыс екенін көрсетіп, ай сайынғы төлемдерді азайта отырып, қарызды өтеу мерзімін 60 айға дейін ұзартуды сұраған.

Бес кредитордың төртеуі талап қоюды қанағаттандыруға қарсы болған. Алайда Тараз қалалық соты талап қоюшының уәждері іс материалдарымен толықтай расталған, оның әрекетінде арам пиғылдың белгілері жоқ деген қорытындыға келген. Сот талап қоюды қанағаттандырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолданды, оған сәйкес қарыз 5 жыл бойы ай сайын өтеледі, – деп хабарлады Жоғарғы соттан.

Сот шешіміне екі кредитор банк шағым түсірген. Алайда Жамбыл облыстық соты шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Дрон-шоу, 15 мың көрерменнің қатысуымен Әнұран орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды
Мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →