×

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Тоқаевты өз еліне шақырды

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңмен телефон арқылы сөйлесті

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Тоқаевты өз еліне шақырды
Ашық дереккөзден

 

Әңгімелесу барысында президенттер сан қырлы қазақ-корей ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады, деп жазады Qaz365.kz.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға ниет білдірді.

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, білім беру және медицина салаларында қолға алынған әрі перспективті жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Ли Чжэ Мёң Қазақстан Президентін Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысының шақыруын ризашылықпен қабыл алып, келесі жылы Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы саммитке қатысатынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Енді мемқызметшілердің жалақысы үш жылда бір өсіп отырады
Өңірде 5900-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 300 камера бейнеаналитика жүйесімен жабдықталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →