×

Алматыдағы сайлау учаскесінде бюллетеньдер салынған қораптар сайлауға екі күн қалғанда ашылған

Учаске қызметкерлерінің бірі бюллетеньдер салынған қораптарды қабылдап алу кезінде "санау үшін" ашқандарын айтты

Алматыдағы сайлау учаскесінде бюллетеньдер салынған қораптар сайлауға екі күн қалғанда ашылған
Видеодан кадр

Алматыдағы №5 сайлау округі бойынша №506 сайлау учаскесінде бюллетеньдер сайлауға екі күн қалғанда ашылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сайлау учаскесінде бюллетеньдер ашылып, бөліп қойылуда. Біз кірген кезде, олар сасқалақтап, абдырап қалды. Олар бұл бюллетеньдерді қазірден бастап таратып жатыр. Мен оларға жақындап, мұнда мамандарды шақырып қойғанымызды айттым.  Учаске өкілі маған: "Сізге түсіндіріп айттық қой", – дегенмен, мен оған: "Жоқ, жоқ, олай болмайды, Мен бәрін видеоға түсірдім", - деп жауап бердім», - деді жұма күні ҚазТАГ редакциясында №5 сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттардың бірінің сайлау штабының өкілі.

Сондай-ақ, ол сайлау учаскесінің қызметкерлері түсірілген бейнежазбаны ұсынған. Онда үстел үстінде "Мөрленген" деген жазуы бар жапсырманың бөлек жатқаны анық көрініп тұр. Учаске қызметкерлерінің бірі бюллетеньдер салынған қораптарды қабылдап алу кезінде "санау үшін" ашқандарын айтқан. Алайда оған бұл әрекетінің заңға қайшы екені ескертілген.

Штаб өкілдері де Бас прокуратураға жүгініп, заң бұзушылық туралы хабарлап үлгеріпті. Олар Мәжіліс сайлауының республикалық маңызы бар іс-шара екенін және мемлекеттің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін алға тартқан.

Бас прокуратураның өкілі өз тарапынан бұл заң бұзушылыққа қатысты әрекет болатынын айтқан. 

Сонымен қатар, басқа учаскелерде де бұзушылықтар болу ықтималдығы туралы хабарланады. Олардың ішінде ең кең кездесетіндерінің бірі - тиісті стендтерде Мәжіліске өзін-өзі ұсынған кандидаттар туралы ақпараттың болмауы.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті
23.08.2025ж. 10:56

Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті

Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →