×

Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті

Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті

Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті
Ашық дереккөздерден

Танымал журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті. Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы), Ақсу ауданы, Ойтоған ауылында туған. 

1989 жылы Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебін тәмамдады. 

1990-95 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, республикалық басылымдардағы қызметін бастады.

Студент кезінен Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші болып еңбек жолын бастаған ол, кейін «Жас алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінде, «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі», «Егемен Қазақстан» газеттерінде бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында баспасөз қызметінің менеджері болып жұмыс істеді. 

“Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері.

«Оқырман күткен әңгіме» атты кітаптың авторы.

Qaz365.kz редакциясы орны толмас қазаға ортақтасып, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанадағы жаңа станция елорданы 10 жыл бойы сумен қамтиды
Кеше, 13:02

Астанадағы жаңа станция елорданы 10 жыл бойы сумен қамтиды

Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →