×

Қазақстан азаматтары Арменияға төлқұжатсыз бара алады: Тоқаев заңға қол қойды

Қазақстан азаматтарына енді Арменияға бару үшін жеке куәлік көрсету жеткілікті

Қазақстан азаматтары Арменияға төлқұжатсыз бара алады: Тоқаев заңға қол қойды
Сауда министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан азаматтарына енді Арменияға бару үшін жеке куәлік көрсету жеткілікті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл келісім Қазақстан мен Армения азаматтарының екі елге еркін және жеңілдетілген тәртіппен сапарлауына мүмкіндік береді.

Құжатқа сәйкес:

  • азаматтар 90 күнге дейін визасыз жүріп-тұра алады;

  • егер елде 30 күннен артық болғысы келсе, ішкі істер органдарына тіркелуі керек;

  • ал 90 күннен ұзақ тұру үшін уақытша тұруға рұқсат алуға болады.

Мұндай өзгеріс екі ел азаматтарының саяхаттау мен іссапар шығындарын азайтып, өзара қатынастарды күшейтеді.

Енді:

  • Армения азаматтары Қазақстанға идентификациялық картамен (жеке куәлік іспеттес) кіре алады;
  • Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен бара алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →