«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС жаңа басшыға ие болды. Компанияның бас директоры (басқарма төрағасы) болып Асан Үмбетов тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «ҚТЖ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асан Үмбетов бұған дейін қатал сөзімен бағыныштыларын сынға алған видеосынан кейін елге кеңінен танылған болатын. Сол кезде оның әрекеті қоғамда үлкен талқылау туғызған еді. Көпшілік бейәдеп сөз қолданғанын сынағанымен, жұмысқа деген адалдығы мен салаға жанашырлығын жоғары бағалаған.
Ұлттық компанияның хабарлауынша, «ҚТЖ» және оның еншілес ұйымдарында басқару тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар кадрлық өзгеріс жасалған.
Атап айтқанда: