×

Каспий жағасынан 100-ден астам итбалық өлі табылды

Каспий жағасынан 100-ден астам итбалық өлі табылды
Маңғыстау облысы экология департаменті

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий итбалықтарының жаппай қырылу дерегі тіркелді. Бұл туралы облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство мәліметінше, экология департаменті мен облыстық балық инспекциясы бірлесіп жүргізген мониторинг кезінде Асан елді мекенінен бастап Баутино мүйісіне дейінгі жағалау сызығында 112 өлі итбалық табылған.

«Мониторинг барысында Асан елді мекенінен Форт-Шевченко жағажайына дейінгі аралықта 39 итбалықтың, ал жағажайдан Баутино мүйісіне дейінгі аумақта тағы 73 итбалықтың өлі денесі анықталды», – делінген ресми хабарламада.

3 қараша күні тұрғындардан Каспий теңізінің Баутино маңындағы жағалауында өлі итбалықтар табылғаны туралы ақпарат түскеннен кейін, экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары теңіз суынан сынама алған.

Қазір зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр. Итбалықтардың өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →