×

Алматыда құны 6 млрд теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Учаске 7 жылдан астам уақыт мақсатына сай қолданылмай келген

Алматыда құны 6 млрд теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Liter.kz

Алматыда әскери прокурорлар құны 6 млрд теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери прокурорлар мүлікті мемлекет пайдасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда.

Ведомство мәліметінше, 2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 млрд теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі «Достық строй» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің меншігіне өткен.

“Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген.

24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Бүгін, 08:54

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →