×

Ыстамбұлдағы жарылыс: күдікті ұсталған сәттің видеосы пайда болды

Түркияға зиянын тигізгендер қатаң жауап береді – Түркия ІІМ

Ыстамбұлдағы жарылыс: күдікті ұсталған сәттің видеосы пайда болды
Anadolu Ajansi

Ыстамбұлда бомба жарды деген күдікке іліккен әйел ұсталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Milliyet түрік басылымына сілтеме жасап.

Терроризмге қарсы бөлім бригадалары шабуылға кінәлі деп танылған әйелді ұстады. Күдікті ұсталған сәттің кадрлары пайда болды.

Айта кететін жайт, бұған дейін түрік полициясы 22 күдіктіні ұстаған болатын, оның ішінде бомба қойған әйел де бар. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді.

"Біз шабуыл туралы нұсқау Кобаниден келген деп бағаладық. Оқиғаға себепкер, бомбаны қойып кеткен адам ұсталды. Бұған дейін 21 адамды ұстадық", –  деді ішкі істер министрі.

Сонымен қатар, Сойлу Ыстамбұлдағы жарылысты ұйымдастырушылар мен кінәлілерге қатаң жауап берілетінін айтты.

"Қылмыскер Африн арқылы өткен. Қазір мұның бәрі анықталып жатыр. Түркияға зиянын тигізген бұл шабуылды ұйымдастырушыларға да, жасағандарға да қатаң жауап беріледі", – деді министр.

Появились подробности о совершившей теракт в Стамбуле гражданке Сирии:  Политика: Мир: Lenta.ru

Жарылыс Ыстамбұлдың орталығында, Бейоглу ауданындағы Таксим алаңы маңындағы адам көп жүретін Истикляль көшесінде болған. Бұл туристер арасында танымал орындардың бірі. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылыс алты адамның өмірін қиып, 81 адам жарақат алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →