×

«Отбасы банк» деректер орталығын Алматыдан Астанаға көшірді

«Отбасы банк» – тұрғын үй құрылыс жинақтарын ресми түрде қабылдап, несие беретін бірден-бір банк

«Отбасы банк» деректер орталығын Алматыдан Астанаға көшірді
Фото: 2gis.kz

«Бәйтерек» холдингіне қарасты «Отбасы банк» деректерді өңдеу орталығын Алматыдан Астанаға толық көшірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл шара банк қызметінде уақытша шектеулердің болуына себеп болды. Банк мәліметінше, 2025 жылдың 31 желтоқсанынан 2026 жылдың 2 қаңтарына дейін қаржы жылын жабу жұмыстары жүргізілген. 3 қаңтарда сағат 03:00-де негізгі деректер орталығын көшіру басталған. 

«Бұл процесс қызметтің тоқтап қалуын барынша азайту мақсатында демалыс күндеріне жоспарланған болатын», – деп жазылған хабарламада.

Банкте 40 түрлі қызмет, 10 деректерді сақтау жүйесі және 6 желі жабдығы бар. Жабдықтар орнатылған соң, барлық жүйелерді тексеріп шықты: «әрбір жүйенің дұрыс жұмыс істейтіні, тұрақтылығы және деректердің бүтіндігі тексерілді». Сағат 15:00-ге қарай Colvir АБИС, төлем жүйесі, BPM, CRM және 300 нөмірі бойынша қоңыраулар қайтадан жұмыс істей бастады.

Қазір цифрлық қызметтер біртіндеп іске қосылып жатыр. Барлық негізгі жүйелер толық жұмысқа келтіріледі деп жоспарланған. Клиенттер несие төлемдерін 7 қаңтарға дейін төлей алады, банк «оны кешіктірілген төлем деп есептемейді және өсімпұл қоспайды».

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тимур Елеусізов жаңа қызметке тағайындалды
Бүгін, 13:50

Тимур Елеусізов жаңа қызметке тағайындалды

Қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →