×

Қарасай ауданында мектеп оқушылары арасында суицид өршіп тұр

Жыл басынан бері алты оқиға тіркелген

Қарасай ауданында мектеп оқушылары арасында суицид өршіп тұр
Алексей БУЛАТОВ

Қарасай ауданында мектеп оқушысы өзіне қол жұмсап, қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Бұл жөнінде @kaskelenkz инстаграмм парақшасында хабарланды. Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, 29 наурыз күні 16 жасар жеткіншектің асылып қалғаны туралы хабарлама Қарасай ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне «жедел жәрдем» қызметінен түскен. Бізге жеткен ақпарат бойынша, қаза тапқан бала Тұрар ауылы, Байсалбаев атындағы мектептің 10 сынып оқушысы болғаны айтылады.

Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігі бойынша көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері болуы себепті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Қазіргі таңда болған оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде және тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ, Қарасай ауданында мектеп оқушыларының өзіне қол жұмсау оқиғалары өршіп тұр. Бізге жеткен ақпар бойынша, қаңтар және наурыз айларында Қосынов орта мектебінде екі суицид тіркелсе, қаңтар айында Қарасай мектебінің бір оқушысы өзіне қол салған. Алмалыбақ орта мектебінде де өз өмірін қимақ болған бала аман қалса, Байсалбаев орта мектебінің оқушысы жарық дүниемен қоштасып жүре берген. Бейсебаев мектебінде де өз өмірін қиюға оқталған тағы бір баланың әрекеті сәтсіз болып, аман қалды.  

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →