×

Құрылыстағы бассыздық: БҚО-да көпқабатты тұрғын үйлер әкімдіктің рұқсатынсыз-ақ салынып жатыр

Ал компания теміржолдың бойына рұқсатсыз салған үйлерін сатуға қойып, жарнамасын шығарып та үлгерген

Құрылыстағы бассыздық: БҚО-да көпқабатты тұрғын үйлер әкімдіктің рұқсатынсыз-ақ салынып жатыр
azattyq-ruhy.kz

БҚО-да құрылыс компаниялары қалаған жеріне рұқсатсыз тұрғын үй кешенін сала бере ме?! Облыстық әкімдік те, Орал қаласының әкімдігі де заңсыз құрылыс жүргізіп, көпқабатты тұрғын үйлер салып, оны сатуды бизнеске айналдырған дөкейлерге тосқауыл қоюға қауқарсыз көрінеді. Осылай деуімізге себеп те жоқ емес. Орал қаласында бетімен кеткен құрылыс компаниясы теміржол рельсіне жанастыра көпқабатты тұрғын үй салып тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

БҚО Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ақпаратына сүйенсек, «АТЖ2» ЖШС теміржол рельсінің дәл іргесіне көпқабатты тұрғын үйлерді рұқсатсыз салған.

«АТЖ2» ЖШС құрылыс салушысына қатысты «БҚО, Орал қаласы, Молдашев көшесі, 20/1 мекенжайы бойынша көппәтерлі тұрғын үй құрылысы» нысаны бойынша тексеру жүргізді. Оның барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды. Жобалау-сметасыз құрылыс белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтпеген, құжаттаманы жүзеге асыру; техникалық және авторлық қадағалаулардың сүйемелдеуінсіз құрылысты жүзеге асыру; құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізудің басталғаны туралы ескертілмеген. Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмысын тоқтата тұру, жоспардан тыс тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізді», - деп хабарлады БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы.

Облыс әкімдігінің жауабына мән берсек, шағын қалада бой көтерген алып нысанның заңсыз салынғанын бұрын-соңды мүлдем «көрмегендей» әсер қалдырады. Ал компания теміржолдың бойына рұқсатсыз салған үйлерін сатуға қойып, жарнамасын шығарып та үлгерген. Рұқсатсыз салынғаны өз алдына, көпқабатты үйдің болашақ тұрғындарына, олардың балаларына сол маңнан күндіз-түні өтетін пойыздың қауіптілігі ескерілмеген.

«Жылжымайтын мүлікті сатып алушылар! Құрылыс кодексінің 5.20-тармағына сәйкес, үй құрылыс ережелерін бұза отырып салынған деп пайымдауға барлық негіз бар. Тұрғын үй құрылысы теміржол кірме жолдарынан 100 метр қашықтықтан кем болмауы тиіс. Бұл үйдің теміржолмен арадағы қашықтығы 15 метрге де жетпейді. Бұл маңнан айына 500 вагонға дейін өтеді. Ал вагондарды беру, жүктерді жинау тәулік бойы жүргізіледі», - деді оралдық қоғам белсендісі Аслан Өтепов.

Жүк пойызы осы рельс арқылы «Стройкомбинат» ЖШС, «Алтын Алма базары», «Стройтех» ЖШС, «АнесСервис» ЖШС сынды өзге де көптеген теміржол пайдаланушы компанияларға қатынайды. Тәулік бойы жүк пойызы жүретін жол мен көпқабатты тұрғын үйдің арасы он метрден сәл ғана асады. Бұл тұрғындарға да, ол жерде тұратын балалардың өміріне де қауіпті. Алайда әкімдік заңсыз құрылыс жұмысын жүргізген компанияға тосқауыл қоюдың орнына, қажетті құжаттарды түгендеп, басқармаға өткізу керектігін айтып кеткен.

«Кадастрлық нөмірі №08-130-057-659 жер учаскесі «БҚО полиция департаменті» ММ тиесілі. «ҚР ІІМ БҚО полиция департаменті» ММ, «БҚО құрылыс басқармасы» ММ және «АТЖ2» ЖШС арасында 21.12.2021 жылғы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оған сәйкес, соңғысы нысанды қаржыландыру, жобалау, салу және пайдалануға беру бойынша жәрдем көрсетуді қамтамасыз етуге міндеттеледі. Басқарманың нұсқамасын орындау үшін «АТЖ2» ЖШС құрылыс салушысы «Ақтөбе ГенСтрой» ЖШС аккредиттелген ұйымын тарта отырып, жүргізілген жұмыстардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізгенін, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеумен құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізуді қамтамасыз еткенін атап өту қажет», - делінген БҚО әкімдігі берген ақпаратта.

Кез келген компания тиісті рұқсаты болмай, қажетті құжаттарын алмай тұрып нысанның құрылысын бастауына заңды түрде құқы жоқ. Мұндай жағдайда атқарушы орган заңсыз құрылысты тоқтатып қана қоймай, компанияға қомақты көлемде айыппұл салып, салған нысанын бұздыруға да құқылы.

Ал Оралдағы жағдай көңілге кірбің ұялатады. Ар жағында көлеңкелі айла-тәсілдері, жемқорлық әрекеттері жоқ па екен деген ой қылаң берері анық. Себебі қажетті рұқсатнамалық құжаттарды толық алмай жатып-ақ құрылыс компаниялары пәтерлерін сатылымға шығарған. Ал халықтың қаржысын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс компанияларын анықтап, тұтынушылар құқығын қорғау арқылы заңсыздықтарды хабарлап отыру – тікелей әкімдіктің міндеті.

Мәселен, Алматы және Астана қаласының әкімдіктері баспана аламыз деген халықтың алданып қалмауы немесе заңсыз салынған, тексерілмеген құрылыс нысандарына қаражат төлеп қоймауы үшін үнемі ескертіп, заңсыздыққа барған тұрғын үй кешендерін анықтап, хабарлап отырады. Тіптен толық салынып қойған үйлерді қала әкімдігі сот арқылы сүргізіп тастау әлі де жалғасып жатыр. Өткен жылы соттардың шешімі бойынша заңсыз салынған 18 нысан бұзылған еді. Сот талқылауынсыз көшелер мен аула аумақтары бойындағы мемлекеттік қор жерлерінде өз еркімен орнатылған 300-ге жуық заңсыз нысан қоса сүрілген еді. Енді міне Алматы қаласының әкімінің пәрменімен тұрғындардан тынбай түскен арыз-шағымдардың нәтижесінде «Шұғыла» шағынауданындағы, Бәйтелі батыр көшесінде заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу мәселесі көтеріліп қана қоймай, сүріліп тынды. Сол сияқты Ақтауда рұқсат құжаттарын алмай салынған 12 ғимарат та сүрілді. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімдігі тұтынушылардың құқығын қорғау қағидасын, Құрылыс кодексін тіпті пысқырмағаны ма?!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Бүгін, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →