×

Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы полковник Дәурен Оразбеков, Төтенше жағдайлар департаментінің басшы құрамы, жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған нысан Қазақстан ТЖ министрлігінің стратегиялық жоспары аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың айтуынша азаматтық қорғау жүйесін нығайту және ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру Мемлекет басшысы қойған басым міндеттердің бірі.

«Ауылдық жерлерде өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту - халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Жаңа өрт сөндіру деполарының ашылуы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді», – деді Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.

Сондай-ақ Шыңғыс Әрінов жаңа өрт сөндіру депосының, заманауи өрт-құтқару техникасының, оның ішінде өрт автоцистернасының, жедел-құтқару автокөлігінің және  жол талғамайтын көліктің кілттерін, мерекелік медальдар мен Алғыс хаттар табыс етті.

Олардың қатарында «ТРЭКОЛ» маркалы автокөлігі, «Камаз» АЦ-5-40 маркалы өрт сөндіру автокөлігі, «Toyota Hilux» маркалы жеңіл автокөлігі бар.

Ашылу рәсіміне қатысқан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев нысанның өңір үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

«Азаматтардың қауіпсіздігі – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын азайту жүйесін жетілдіру – стратегиялық маңызы бар мәселе. Бүгін іске қосылып отырған өрт сөндіру депосы – облыста азаматтық қорғау инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жұмыстарының нақты нәтижесі», – деді өңір басшысы.

Жаңа өрт сөндіру депосы жалпы саны 28 мыңнан астам халқы бар 12 ауылдық округ пен 34 елді мекенді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Ғимарат модульдік технология бойынша салынған, бұл қажет болған жағдайда нысанды жедел түрде кеңейтуге және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Депо тәулік бойы қызмет атқаруға қажетті барлық жағдаймен толық жабдықталған: заманауи байланыс құралдары бар диспетчерлік пункт, екі өрт сөндіру автокөлігіне арналған гараждар, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, ас үй және демалыс бөлмелері бар. Сонымен қатар спорттық жаттығу құрал-жабдықтармен жарақталған «Batyr Team» жаттығу аймағы бар.

Іс-шара аясында нысанның құрылысына жоғары жауапкершілікпен қатысып, белсенділік танытқан азаматтар ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен «Кеген орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айболат Солтанғазиев, Төтенше жағдайлар министрлігінің «30 жыл» медалімен Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, «AS Karasay» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры  Медет Омарханов марапатталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО-ның жергілікті атқарушы органдары өңірлердің жұмыс тиімділігі рейтингінде көшбасшы атанды
23.01.2026ж. 21:18

ШҚО-ның жергілікті атқарушы органдары өңірлердің жұмыс тиімділігі рейтингінде көшбасшы атанды

Жалпы баға екі әдіс бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орта мәнімен есептелді
Тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған
Kcell соңғы 20 жылдан бері абоненттерін алаяқтықтан қорғау жүйесін жүйелі дамытып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →