×

«Нәтиже болмаса, қош айтысамыз»: Бектенов Kazakh Tourism жетекшісіне қатаң талап қойды

«Нәтиже болмаса, қош айтысамыз»: Бектенов Kazakh Tourism жетекшісіне қатаң талап қойды
Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизовтен нақты нәтиже күтетінін мәлімдеді. Бұл Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиында Ғазизов Қазақстанның туристік әлеуетін шетелде ілгерілетуге қатысты атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ол осы қызметке 16 қаңтарда тағайындалған болатын. Премьер-министр оның бұл қызметке жақында келгенін атап өтіп, тиімділікке қойылатын талаптың жоғары екенін ескертті.

«Сіз жаңа тағайындалдыңыз, бірақ бұл жеңілдік емес. Біз нақты нәтиже күтеміз. Нәтиже болса – жұмыс жалғасады, болмаса – қоштасамыз. Келістік пе?» – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы туризм саласында өңірлерде белгілі бір оң өзгерістер барын мойындағанымен, тексерулер әлі де шешілмеген жүйелі мәселелердің көп екенін көрсеткенін айтты. Оның сөзінше, бірқатар туристік нысандар сапалы интернетпен қамтамасыз етілмеген, ал бұл бағыттағы жұмыстар тым баяу жүріп жатыр.

Сонымен қатар санитарлық талаптардың сақталмауы, қажетті рұқсат құжаттарының алынбауы, көлік инфрақұрылымының әлсіздігі, қоқыс мәселесі, энергиямен қамтудағы олқылықтар, тәулік бойы жедел қызметтердің болмауы және қонақүй бағасының қымбаттығы да сынға алынды.

Аталған проблемаларды жүйелі түрде шешу үшін Премьер-министр барлық өңір әкімдіктерін, «Атамекен» ұлттық палатасын, туризм саласындағы ірі кәсіпкерлер мен сарапшыларды қамтитын жедел үйлестіру кеңесін құруды тапсырды. Кеңеске Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жетекшілік ететін болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады
Кеше, 18:21

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі Роза Айтматова мерейтойға мемлекет ақша бөлсе, дау болады деп топшылайды
Жалпы баға екі әдіс бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орта мәнімен есептелді
Тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →