×

БҚО-да екі жігіт экспедитордың 2 млн теңгеге жуық ақшасын тартып алған

Күдіктілер ұсталды

БҚО-да екі жігіт экспедитордың 2 млн теңгеге жуық ақшасын тартып алған
Telegram/ POLISIA.KZ

БҚО-да екі жас жігіт экспедиторды тонаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 1 сәуір күні Мичурино ауылында болды.

Екі жас жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, экспедитордан 1,8 млн теңге сомасында ақшасы бар пакетті тартып алған. 1990 жылы туған жәбірленуші шабуылдаушылар бетперде киіп, оның бетіне бірнеше рет соққы бергенін хабарлаған. Ақшаны тартып алғаннан кейін, қарақшылар оқиға орнынан ВАЗ 2115 көлігімен бой тасалаған.

1996 және 1997 жылы туған күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 191-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
10.12.2024ж. 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →