×

Санкт-Петербургте дәмханадағы жарылыста соғысты насихаттаған блогер қаза тапты

Жарылғаш зат статуэтканың ішіне жасырылған

Санкт-Петербургте дәмханадағы жарылыста соғысты насихаттаған блогер қаза тапты
ria.ru

Санкт-Петербургте Университетская көшесіндегі дәмханада жарылыс болып, соғысты насихаттаған блогер әрі әскери журналист Владлен Татарский қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
 

Ресейдің ІІМ Владлен Татарскийдің Петербургте қаза тапқанын растады. Жарылғыш заттың қуаты 200 грамм тротилден астам болған.

Видео: Телеграмм

Қала губернаторының мәліметі бойынша, 25 адам зардап шеккен, оларға билік тарапынан қажетті көмек кқрсетілуде. Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, ауруханаларға әртүрлі дене жарақатымен 24 адам жеткізілген, олардың арасында бір жасөспірім бар, алты адамның жағдайы өте нашар.

Татарскийге сол жерде “Арнайы ақпарат саласындағы еңбегі үшін” деп статуэтка табыс етілген. Жарылғаш зат сол статуэтканың ішіне жасырылған дейді кей дереккөздер.

Видео: Телеграмм

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →