×

Ресей біздің көліктерге утилалымды ондаған есе өсірді, біз де солай жасаймыз – министр

Ресей біздің көліктерге утилалымды ондаған есе өсірді, біз де солай жасаймыз – министр
Freepik

Қазақстан Ресейден келетін автокөліктерге салынатын утилизациялық алым мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, бұл қадам екі ел арасындағы автомобиль нарығында тең бәсекелестік орнату үшін жасалып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министр Ресейдің Қазақстаннан баратын көліктерге алым мөлшерін әлдеқашан бірнеше есеге өсіріп, прогрессивті шкала енгізгенін алға тартты. Осыған байланысты, қазақстандық тарап көрші елдің әрекетіне сәйкес «айналық» жауап қайтаруды жөн көрген.

«Біз Ресей нарығы үшін ешқандай жаңалық енгізіп жатқан жоқпыз, тек жағдайды айнадағыдай қайталап отырмыз. Яғни, екі елдің нарығына тең қолжетімділік болуы керек. Ресей біздің көліктер үшін утильсборды ондаған есе өсірді, енді біз де соған сай әрекет етеміз», — деді Ерсайын Нағаспаев.

Министрдің мәліметінше, Қазақстанның ішкі нарығында ресейлік көліктердің үлесі өте төмен — шамамен 3,7%. Сондықтан бұл шешім елдегі автокөлік бағасының күрт өсуіне әсер етпейді. Сондай-ақ, ведомство басшысы отандық тұтынушылар үшін ресейлік автоөнеркәсіптен сипаттамасы әлдеқайда жоғары қытайлық және отандық брендтердің таңдауы мол екенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →