×

Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылуда

Атырау теміржол вокзалы күніне 1300-ден астам жолаушыны қабылдайды

Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылуда
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өңірдің инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр. Оның ішінде алтауының құрылысы биыл бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарланып отыр. Олардың бірі – Атырау қаласының теміржол вокзалы. Тарихи ғимарат 50 жылдан астам уақыт өңір жолаушыларына қызмет көрсетіп келеді. Оның жалпы ауданы – 3744,8 шаршы метр,  деп хабарлайды Qaz365.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңғырту жұмыстары Атырау қаласында, Мақат ауданы, Жамансор және Мұқыр елді мекендерінде жүріп жатыр. Ал Исатай мен Құрманғазы аудандары, Доссор, Аққыстау, Сағыз ауылдарында ескі ғимараттардың орнына жаңа вокзалдар салынып жатыр. Жаңарту жұмыстары аясында ғимараттардың қасбеттері жаңартылып, инженерлік және санитарлық желілер ауыстырылады, жаңа жарықтандыру және навигациялық жүйелер орнатылады.

Сондай-ақ кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ғимараттарда пандустар, заманауи санитарлық тораптар, ана мен бала бөлмелері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған демалыс аймақтары қарастырылған. Алдағы уақытта вокзалдарға көтергіш платформалар орнатып, қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған қосымша инфрақұрылыммен жабдықтау жоспарлануда.

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Данияр Гарифулланың айтуынша, Атырау теміржол вокзалы күніне 1300-ден астам жолаушыны қабылдайды. 

– 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ облыс әкімдігімен бірлесіп өңірдегі 9 вокзалды жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Сағыз, Мақат, Доссор, Аққыстау, Исатай және Ганюшкино вокзалдарындағы жұмыстар аяқталады деп жоспарлануда. Қалған нысандар екінші жартыжылдықта пайдалануға беріледі, – деді Данияр Гарифулла.

Айта кетейік, теміржол вокзалдарының басым бөлімі 2004 жылы күрделі жөндеуден өткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →