×

Қазақстанда әуе билеті неге қымбат

Индустрия министрлігі 11 ұшақ сатып алуды көздеп отыр

Қазақстанда әуе билеті неге қымбат

Қазақстанда әуе билетінің қымбат болуына керосиннің тапшылығы себеп. Бұл туралы Индустрия министрлігі мәлімдеді. Былтыр мұнай өңдеу зауыттары 648 мың тонна өндірсе, тұтыну көрсеткіші 806 мың тонна болды. Демек еліміз 158 мың тонна керосинді шетелден сатып алуға мәжбүр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Almaty.tv-ке сілтеме жасап.

Қазақстандағы әуе билетінің бағасы бірнеше факторға байланысты белгіленеді. Оның құнына 32 пайыз жанармай бағасы әсер етді. Эксплуатациялық шығын мен әуе кемелерінің лизингі 18, әуежай қызметтері 13, жалақы қоры 6 пайызды құрайды. Индустрия вице-министрі Алмаз Ыдырысовтың айтуынша, ішкі нарықта әуекеросиннің тапшылығы және оның қымбаттауы елдегі азаматтық авиацияның дамуын тежейді. Сонымен қатар, баға белгілеуге де әсер ететін негізгі факторлардың бірі.

«Әуе кемелерін сатып алу немесе жалға алу, қосалқы бөлшектерді сатып алу сынды әуе компанияның шығынының 80%-ға жуығы шетел валютасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте әуе компаниясы табысының 80%-ға жуығы теңгемен түседі. Осыған байланысты өз шығынын өтеу үшін әуе компаниялары билет құнын реттеуге мәжбүр», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов.  

Әуе рейстерінің кешігуі де бүгін Сенатта сөз болды. Былтыр ұшақтар көбіне техникалық себептерге байланысты жоспарлаған уақытта ұшпаған. Сонымен қатар, ауа-райының қолайсыздығы, экипаждың болмауы, әуе қозғалысына қызмет көрсету шектеулері, кеден бақылауы сынды мәселелер де кешігуге әсерін тигізеді екен. Ал егер дәл осы әуе компаниясының кесірінен кешігетін болса, онда әр сағатқа билет құнының үш пайызы қайтарылып беріледі. Ол үшін компанияға жүгіну керек.  

«Әуе тасымалдаушының кінәсі танылған жағдайда біз шара қолданып, әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. 2022-2023 жылдарға арналған жалпы сомасы 8 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни, 25 миллион 200 мың теңгені құрайтын 9 әкімшілік айыппұл салынды», – деді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Индустрия министрлігі әуе рейстерінің санын көбейту үшін биыл қосымша 11 ұшақ сатып алуды көздеп отыр. 2025 жылға дейін тағы 42 әуе кемесі қосылады. Сөйтіп Қазақстандағы ұшақтардың саны 132-ге жетпек. Ведомство олардың саны көбейсе, билет арзандайды деп болжап отыр

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →