×

Алматының қай аудандарынан баспана сатып алуға болмайды

Министрдің айтуынша, сейсмикалық стансалар құру арқылы жер сілкінісі қаупі бар нүктелерді білуге болады

Алматының қай аудандарынан баспана сатып алуға болмайды
фото: Алмаз Төлеке

Бұдан былай жер сілкінісі қаупі бар аймақтарға құрылыс жүргізуге қатаң тыйым салынады. Өйткені Қазақстан аумағының 40 пайыздан астамы жерасты дүмпуіне бейім екен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, сейсмикалық стансалар құру арқылы жер сілкінісі қаупі бар нүктелерді білуге болады. Кейін ол орталықтарға арнайы датчиктер қойылып, халықты құлақ-қағыс етуге мүмкіндік бермек.

«Бірақ бұл қауіпсіздікті толық қамтамасыз етпейді», – дейді Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек.

Төтенше жағдайлар министрінің баяндамасын тыңдаған халық қалаулысы Алматы мен Алматы облысында құрылыс талабын ескермей салынып жатқан нысандарға шектеу қою керегін айтты.

«Ең қауіпті аймақ – Медеу, Бостандық және Наурызбай ауданы. Бұл – сейсмикалық әрі сел қаупі төніп тұрған аймақтар. Жер кодексі және сәулет қала құрылысы талаптарын сақтап жатқан компания жоқ. Соғылып жатқан нысандардың 33 пайызы заңсыз. Сейсмикалық талаптарға келмейді. Қауіпті», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →