×

Жамбыл облысында 200-ден астам педагог заңсыз жалақы алған

Заң бұзушылықты прокуратура өкілдері анықтады

Жамбыл облысында 200-ден астам педагог заңсыз жалақы алған
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында 200-ден астам педагог заңсыз жалақы алған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл қаражат негізінен мүмкіндігі шектеулі 225 баланы үйде оқыту үшін бөлінген. Бірақ мектеп мұғалімдері оларға мүлдем сабақ бермесе де жалақы жаздырып, алып келген. 

«50-ден аса мектеп директоры, 6 аудандық білім бөлімінің басшысы, 100-ден аса мектеп директоры орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ең бастысы, үкіметке келтірілген 24 миллион теңге бюджетке кері қайтарылды», – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев.

Мұндай заңсыздық Жамбыл облысының 6 бірдей ауданынан анықталып отыр. Олардың ең көбі Байзақ ауданында. 

Ондағы 26 мектептің 30-ға жуық мұғалімі өткізбеген дәрістері үшін 11 миллион 200 мың теңге жалақы алған. 

Заң бұзушылықты прокуратура өкілдері анықтады. Осы іске қатысы бар делінген 253 білім саласының қызметкері жауапқа тартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →