×

Алматыда 2 балл қуатымен жер сілкінісі сезілді

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан 74 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасты

Алматыда 2 балл қуатымен жер сілкінісі сезілді
фото: ашық дереккөзден

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 5 сәуір күні сағат 21.14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды qaz365.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан 74 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 10,2.

MPV магнитудасы - 4.5.

Тереңдігі – 5 км.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алма-Арасан шатқалында (Қазақстан) 2 балл қуатымен сезілді.

Еске салсақ,бүгін таңғы сағат 7:37-де ҚР ТЖМ-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген болатын. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 557 км қашықтықта, Қытай аумағында орналасты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →