×

"Қуандықтарыңды құлаттық": Қызылордада жасөспірімдер баланы тепкілеген видеоны желіде мақтанышпен бөліскен

Анасының айтуынша, баласымен сөйлесуге келгендердің саны 5-тен көп болған

"Қуандықтарыңды құлаттық": Қызылордада жасөспірімдер баланы тепкілеген видеоны желіде мақтанышпен бөліскен
ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Қазалы ауданында мектеп оқушыларының арасында төбелес орын алды. Оқиға Әйтеке би кентіндегі саябақта күндізгі уақытта болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеотүсірілімде 5 бала жалғыз түйір балаға жабылып, тепкілеп жатқаны жұртшылықты шошытып, қоғамдық резонанс тудырды. Қазалы ауданы әкімдігінің мәлімдемесіне сүйенсек, Қазалы ауданында орын алған төбелеске қатысты анықтау шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нәтижесінде кәмелетке толмаған, таяқ жеген баланы жабылып соққыға жыққан Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің 5 оқушысы анықталып, 7 сәуір күні түнгі 00:00 шамасында аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

“Бүгінгі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде. Заң аясында қатаң шара көріліп, жазасын алатын болады. Қазір бала ауруханада ем қабылдауда. Бүгін аудан әкімі мен облыстық білім басқармасының басшысы арнайы барып, баланың жағдайын көрді. Жағдайы бірқалыпты”, –  делінген мәлімдемеде. 

Соққыға жығылып, ауруханада жатқан жеткіншектің қал-жағдайын сұрамақ болып анасына хабарластық. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, ұлы Қуандық Сәбитұлы он бесте. Қуандық – ауданның намысын таэквондо спортынан республика көлемінде қорғап жүрген, өзі оқитын №70 мектептің мақтаулы оқушысы. Осы уақытқа дейін ұлының тәртібіне байланысты мектеп мұғалімдерінен ешқандай шағым, ескерту жасалмағанын айтады.  

“Оқиға балам түскі уақытта сабақтан қайтып келе жатқанда болған. Видеода көргендеріңіз 5-6 бала ғана, шын мәнісінде менің баламмен сөйлесуге келген жеткіншектердің саны көп болыпты. Кейбірі қашып үлгерген. Баламды саябаққа сөйлесемін деп алдап апарып, бас жағынан қатты затпен ұрып құлатқан. Әрмен қарай көрініс видеодағы көргендеріңіз. Баламды соншалықты аямай, асқан қатігездікпен не үшін тепкілегенін білмей отырмын. Балама видеоны көрсетсем, соққыдан кейін ешнәрсе білмей қалғанын, тіпті кім тепкілеп жатқанын білмейтінін айтады. Видеотүсірілімді 5 баланың ішіндегі біреуі түсіріп, ватсап желісіне “Қуандықтарыңды құлаттық” деп мақтанышпен салғанын білдік. Кейін видео инстаграмға салынып, барлық желіге тарап кетті.  Балам қазір Қазалы теміржол ауруханасында тиісті  емін қабылдауда. Соққыға жыққандарға қатысты айтар болсам,  полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу амалдарын  жүргізуде”, – деді анасы.

Қазалы аудандық полициясының “жасөспірім жаңбырлы күні құлап, басын жарақаттап алған” деген түсініктемесі көпшіліктің ызасын тудырды.

“Осындай түсініктеме беріп, жұмысына салғырттық танытқан полиция қызметкерлеріне қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Мектеп басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қызметтік жұмысына баға беріліп, алдағы уақытта шешім қабылданатын болады”, – дейді жергілікті билік өкілдері.

Бұл оқиға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек
Кеше, 17:41

Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек

Жаңа нөмірлерді 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін орнатуы керек
Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Оның айтуынша сот процесі бар кемшілігін ашып көрсеткен
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар осы айда қатарынан үш күн демалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →