×

Қоғам белсендісі "Оператор РОП" ЖШС директоры Руслан Шамшиевтің кісі қолынан қаза тапқанын мәлімдеді

Боқаев қылмыстың орындаушысы мен тапсырыс берушісін анықтауды сұрады

Қоғам белсендісі "Оператор РОП" ЖШС директоры Руслан Шамшиевтің кісі қолынан қаза тапқанын мәлімдеді
recycle.kz

«РОП Оператор» ЖШС директоры Руслан Шәмшиев өз-өзіне қол жұмсамаған, кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы саясаткер, қоғам белсендісі Санжар Боқаев тәуелсіз сараптама қорытындысына сүйене отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бір жыл бойы жүргізілген тергеу барысында бізді "Оператор РОП" ЖШС директоры Руслан Шамшиев өзіне қол жұмсады деген нұсқаға сендіруге тырысты. Алайда Мәскеу қаласында жасалған тәуелсіз сараптамасының нәтижесі бойынша, оның ажалы кісі қолынан болған.   
Менің қолымда мәскеулік сараптаманың толық мәтіні бар, ол суицид нұсқасын жоққа шығарады. Сараптама қарақұсынан тиген қатты заттың соққысының әсерінен қан ұйып қалғанын, соның салдарынан есінен танып қалғанын, сондай-ақ мойнында бөтен адамның тарапынан болған қылқындыру іздерінің бар екенін көрсетті. Трасология мойындағы іздің көлденең орналасқанын көрсетті, асылу кезінде мұндай із қалуы мүмкін емес. Сараптама сондай-ақ адам жұлқынған кезде түсетін серпіліс іздерінің де бар екенін анықтады. 
Сонымен қатар, қазақстандық сараптаманың нақтылығына күмән келтірген мәскеулік сарапшылар істе көрсетілген жағдайлардың барлығында да адамның суицид жасай алмайтынын дәлелдеді”
, - деді қоғам белсендісі Санжар Боқаев.

Осы айтылғандардың негізінде ол мәскеулік сараптаманы іске тіркеуді, істі "кісі өлтіру" бабы бойынша қайта қарауды және қылмыстың орындаушысы мен тапсырыс берушісін анықтауды сұрады. 

“Р.Д. Шамшиевтің мойнында странгуляциялық іздің пайда болу механизмі №227116031000069 іс материалдарында баяндалған оқиғаның мән-жайларына сәйкес келмейді. Шамшиев Руслан Жұмабайұлы мұндай жағдайда өз бетінше асыла алмаушы еді", - делінген сараптамада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →