×

Жанболат Мамай шартты түрде 6 жылға сотталды

Оған қоғамдық және саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды

Жанболат Мамай шартты түрде 6 жылға сотталды
Vlast/ Данияр Мусиров

Жанболат Мамайдың 6 жылға шартты түрде бас бостандығы шектелді. Оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Белсенді Жанболат Мамай үш қылмыстық бап бойынша кінәлі деп танылды.

Оның 6 жылға шартты түрде бас бостандығы шектелді. Оған қоғамдық және саяси жұмыспен айналысуға, қоғамдық ұйымдардың жұмысына араласуға тыйым салынды.

Сондай-ақ одан 800 мың теңгеден астам ақша өндірілді.

Еске сала кетсек, Жанболат Мамайға «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған еді. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты болып отыр.

«Билік өкілін қорлады» деген айып тағылған белсенді сотта нақты есімдерді атамағанын, құқық қорғау жүйесін сынға алғанын айтқан. Әдейі жалған ақпарат таратқан мәлімет бойынша, Мамай оның қатысы бар екендігі туралы нақты дәлелдер жоқ екенін мәлімдеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →