×

"Бұл - сабақтан кейін болған оқиға": мектеп директоры Өскемендегі әлімжеттік жайлы пікір білдірді

Директордың айтуынша, соққыға жыққан қыз бұрындары мұндай әрекеттерімен көзге түспеген

"Бұл - сабақтан кейін болған оқиға": мектеп директоры Өскемендегі әлімжеттік жайлы пікір білдірді
Коллаж: Qaz365.kz

Әлеуметтік желілерде Өскеменде мектеп оқушыларының жасөспірім қызды ұрып-соғып жатқан бейнежазбасы тараған болатын. Қызды соққыға жыққан қыздардың бірі оқитын №44 мектептің директоры Назарбаева Жаңыл болған оқиға жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Директордың айтуынша, соққыға жыққан қыз бұрындары мұндай әрекеттерімен көзге түспеген.

“Бұл қыз біздің мектепте 1-сыныптан бастап оқиды. Сабақ үлгерімі жақсы, волейболға қатысады. Ғылыми жоба қорғаудан қалалық, облыстық сайыстарда жүлделі орындар алған. Мектепте бұл баланың мұндай бейнесін мүлде байқаған жоқпыз”, – деді ол.

Мектеп басшысы бұл жағдайды естігеннен кейін, қызды бірден мектепшілік есепке қойғанын айтты.

“Бүгінде әлеуметтік педагог, психолог, тәрбие ісі меңгерушісі, сынып жетекшісі тарапынан арнайы бақылау дәптері жүргізіліп отыр. Бала сабаққа келіп жүр, мектепте тыныш. Мұғалімдер қыз туралы жақсы пікірде. Бұл - сабақтан кейін болған оқиға. Мен балаларға мектепте болғанда жауап беремін. Қыз 9-сыныпта оқиды. Кәмелет жасқа толмай, мектептен шығара алмаймыз. Мүмкін ол 9-сыныпты аяқтағанша, сот үкімі шығып қалар”, – деп мәлімдеді директор.

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова мектеп директоры қатаң сөгіс алып, тәртіптік жазаға тартылғанын мәлімдеді. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →