×

Тоқтап қалған көпір құрылысына Дариға Назарбаеваның қатысы бар ма – Алтай Көлгінов жауап берді

Тоқтап қалған көпір құрылысына Дариға Назарбаеваның қатысы бар ма – Алтай Көлгінов жауап берді
Коллаж: qaz365.kz

Тоқтап қалған көпір құрылысына Дариға Назарбаеваның қатысы бар ма? Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары жауап берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. 

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновті тілшілер сұрақтың астынан алды. Журналистердің бірі “Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысының ұзаққа созылуына  Дариға Назарбаеваның қатысы бар ма?” деп сауал қойды. 

Журналистің айтуынша, ол көпірдің маңында Дариға Назарбаева тұратын көрінеді. Осыған байланысты көпірдің құрылысы тоқтап қалған. 

“Бұл – жалған ақпарат. 2019 жылы екі компания арасында тендер нәтижесіне байланысты дау туындаған еді. Мәселені шеше алмай бір жыл соттасты. Ешқайсы сотта жеңіп шықпады. Ол уақыт ішінде жоба ескіріп кетті. Жобаны қайта қарап шығуға бір жыл уақыт кетті. Нәтижесінде 2021 жылы көпірдің құрылысын бастадық. Жоспар бойынша, көпір құрылысы биыл аяқталуы керек”, – деп жауап берді Алтай Көлгінов. 

Еске салсақ, көпір салынатыны 2018 жылы белгілі болған. Құрылыс 2019-да басталып, екі жылда аяқтау жоспарланған. Алайда сәулет басқармасы өкілдері қаржыландыру көзіне байланысты жоспар өзгеруі мүмкін екенін атап өткен. Көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылы мен сол жағалау арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →