×

СҚО-да 800-ге жуық адамға іздеу жарияланды

Мамандардың сөзіне сенсек, азаматтардың көбі тіркелген мекенжайда тұрмайды. Ал кейбіреуі тіпті өзге елге кетіп те қалған

СҚО-да 800-ге жуық адамға іздеу жарияланды
көрнекі сурет

Республика бойынша әскерге шақыру науқаны барлық өңірде бірдей жүргізіліп жатқан жоқ. Мысалы, СҚО-да 800-ге жуық азамат Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Әскер қатарына шақырылғандардың бірі – Болат Алпысбаев. Оның айтуынша, отбасында барлығы - әскери адамдар. Сондықтан да Отан алдындағы парызын өз қалауымен өтеуге келген. Болашақта аталмыш салада еңбек етсем деген ниеті барын да жасырмады.

«Қонаев қаласындағы Қарулы күштердің әскери бөліміне барамын. Соған қуаныштымын және мақтан тұтамын. Әскерге бармаған азаматтарға айтарым, ең басты мақсат – Отан қорғау. Біз қорғамасақ, ешкім қорғамайды. Сол үшін де бәрін абыроймен, Отан алдындағы борышын өтеуге шақырамын», – деді жас сарбаз Болат Алпысбаев.

Солтүстік аймақта түрлі себеп-сылтау айтып, әскерден жалтарып жүргендер саны жетерлік. Мамандардың сөзіне сенсек, азаматтардың көбі тіркелген мекенжайда тұрмайды. Ал кейбіреуі тіпті өзге елге кетіп те қалған.

«Ер жігіттер түрлі себеппен СҚО-дан тысқары жерге кетіп жатыр. Біреу қорғаныс істері жөніндегі басқармаға уақытылы есеп бермегендіктен, біз шақыру қағазын дер кезінде жеткізіп үлгермейміз. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке ынталандыру мақсатында түрлі жеңілдік те қарастырылып отыр», – деді Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Марат Кәрімов.

Көктемгі науқанда облыстан 555 азамат әскер қатарына алынуы тиіс. Алайда өңір бойынша 800-ге жуық адамға іздеу жарияланып отыр. Запастағы полковник Болат Қожахметовтың айтуынша, бұл – ер жігіттердің жауапсыздығы.

«Олардың арасында «қазір әскерге баруға дайын емеспін» деп ойлайтындар бар. Алдымен мінез таныта білу керек, шыдамдылықты дамыту керек. Бойын тәртіпке тәрбиелеуі керек. Мұның бәрі әскерде үйретілетін нәрсе. Бұл қасиет тек әскери қызмет процесінде жетіледі», – деді  запастағы полковник Болат Қожахметов.

Биыл көктемгі шақыру науқаны наурыз айында басталып, маусымда аяқталады деп жоспарлануда. Мәселені біржақты ету үшін Қорғаныс істері департаменті жергілікті атқару органдарымен біріге жұмысты күшейтуді қолға алды. СҚО-да барлығы 16 мыңнан астам азамат әскери есепте тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →