×

Астанада энергетика министрлігі алдында барлығы 126 адам ұсталған - бас прокуратура

5 азамат әкімшілік жауапқа тартылған

Астанада энергетика министрлігі алдында барлығы 126 адам ұсталған - бас прокуратура
Vlast/ Жанара Каримова

11 сәуірде Астанада энергетика министрлігі алдында барлығы 126 адам ұсталған. “Айрықша белсенділік көрсеткен” 5 азамат “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” бабымен әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазір наразылардың барлығы босатылып, өз өңіріне қайтарылған.

“Білуімше, қазір олар жолда. “БерӘлі Маңғыстау company” мекемесінің бұрынғы жұмысшыларының 10 өкілі осында қалды. Олар “ҚазМұнайГаз” және энергетика министрлігі өкілдерімен құқықтық шеңберде келіссөз жүргізеді”, –  деді Өмірәлиев.

Ал Жаңаөзенге келетін болсақ, Өмірәлиевтің айтуынша, 30-40 адам ұсталған. Сондай-ақ ол бұл оқиғаның Астанадағы ереуілге ешқандай қатысы жоқ дейді.

“Жаңаөзенде бұл мәселе бойынша ешкім ұсталған жоқ. Шамамен 1-2 сағат бұрын ұсталғандардың бұл жағдайға ешқандай қатысы жоқ. Бұлар жол қозғалысына бөгет жасағаны үшін ұсталды. Менің білуімше, олардың талаптары өздерін жұмысқа орналастыру бойынша. Оларға да заңды түсіндірме жүргізіліп, қайтарылды”, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →