×

БҚО-да 6-сынып оқушысы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған

Ол 10 сәуір үйінен шығып кеткен

БҚО-да 6-сынып оқушысы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған
БҚО полиция департаменті

БҚО-да мектеп оқушысы 10 сәуір кешке үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 сәуірде сағат 21:00-де Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында 6-сынып оқушысы Әйтекеби Балмағамбет үйінен шығып, оралмаған.

Бала қара күрте, көк шалбар, қара баскиім және қара етік киген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған оқушы туралы қандай да бір ақпаратты білетіндерден Бәйтерек аудандық ішкі істер бөліміне 8 (71130) 22-002, 22-448, 8 705 515 80 70 телефондарына немесе полиция бөліміне хабарлауды сұрап отыр: 102 , 8 (7112) 51 04 50, 92 10 26.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →