×

Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолы тастың түсуіне байланысты жабылды

Бүгін түнде Мохнатка тауының маңында тас құлады

Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолы тастың түсуіне байланысты жабылды
facebook.com/shymbulakmountainresort

Алматыда «Медеу» мұз айдынынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына баратын жол тастың түсуіне байланысты жабылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“11 сәуірде түнде «Қазселденқорғау» ММ Алматы өндірістік қалалық пайдалану басқармасының филиалынан жауапты учаскеде (бекет бөгет жотасында орналасқан) болған «Қазселденқорғау» маманының «Мохнатка» тауы маңында, Медеу бөгетінің тұсынан 300 м жоғары (Медеу Шымбұлаққа барар жолда) жағында көлемі шамамен 20м3 тас опырылып түскенін  анықтағаны туралы хабарлама түсті”, – делінген хабарламада.

Жауын-шашын мен көшкін қаупіне байланысты алдын ала қойылған блокбекеттердің (Қазселденқорғау, ПД, ТЖД, мүдделі ұйымдар қызметкерлері) арқасында адамдардың зардап шегуіне жол берілмеді

Тастардың  көп бөлігі қорғаныс қабырғасының ішінде  құлап, алайда қорғаныс қабырғасы, сондай-ақ қорғаныс торлары  зақымдалған, 2 тіреу майысқан.

Таудан тастардың қайта құлау қауіпіне  байланысты «Қазселденқорғау» ММ мамандары «Медеу» табиғи паркі КММ автожол учаскесін толық жабу туралы ұсынымдар берді.

Қазіргі уақытта жол (Медеу-Шымбұлақ) жабылды. Жұмыстарды қала қызметтері жүргізуде.

“Алматы қ. ТЖД мен Қазселденқорғау алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына Қазгидрометтің  жауын-шашын туралы болжамына байланысты тауға барудан  бас тартуға кеңес береді”, – деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Егер сізге көмек қажет болса, 112, 109  немесе 8(727) 372 -15-60 (ҚР ТЖМ РЖҚЖ ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі)  желілеріне қоңырау шалыңыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты
Кеше, 19:47

«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты

Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →