×

Өрімдей ұл-қыздар ЛГБТ жалауын жамылып жүр – депутат Ардақ Назаров

Ең сорақысы, гей-насихат қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде де өте қарқынды жүріп жатыр

Өрімдей ұл-қыздар ЛГБТ жалауын жамылып жүр – депутат Ардақ Назаров
Ашық дереккөздерден

Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат экономиканы реттейміз, саясатпен айналысамыз деп жүріп, идеология мәселесін естен шығармау керек екенін айтады.

«Мемлекет іргесінің берік болуы, халықтың баянды өмір сүруі үшін ең алдымен дәл осы идеология саласын реттеуіміз қажет. Өздеріңізге мәлім, 8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. Бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг болады деген. Бірақ, олай болмады, жиналғандар әйел теңдігін айтудан бастап, соңында гомосексуализмді насихаттады. Арасында өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүр», - дейді ашынған депутат.

Сонымен қатар Ардақ Назаров соңғы кезде еліміздің ақпараттық кеңістігінде біржыныстық неке, гомосексуализм, жынысты ауыстыру секілді мәселелер еркін насихатталып жатқанын, олардың артында Батыстың халықаралық ұйымдары тұрғанын атап өтті.

«Ең сорақысы, гей-насихат қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде де өте қарқынды жүріп жатыр. Мұны сондағы оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан ашық аңғаруға болады. Ертең ұлыңыз келіннің орнына еңгезердей қызтекені үйге ертіп келсе немесе аялап өсірген қызыңыз еркекшорамен «отау құрып» жатса, толерантты болып батаңызды бересіз бе? Мұндай азғындық өз отбасыңызға келсе төзесіз бе?» - делінген депутаттық сауалда «толеранттық», «төзімділік» дегенді желеу етіп, өзіне қарсы шығатын жандарға жауап ретінде. 

Әркез ұлттық тәрбие туралы сөз қозғап жүретін Ардақ Назаров қазақ халқының менталитетіне жат дүниенің қанға сіңіп кетпей тұрғанда алдын алу шараларын да ұсынған. 

«ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын тоз-тозын шығаруды көздейді деп білемін. Ал, дәстүрі мен руханиятынан айрылған ұлттың болашағы жоқ екені айдан анық. Ұлт құрыса – мемлекет құлайды. 
Кеше алаңда ЛГБТ жалауын жамылып жүрген балалар бөтен емес, ол – сіздің де, менің де балам, ол – қазақтың қаракөздері. Бәле менің үйіме келмесе болды деп алаңсыз жүре алмаймыз. Келетін індет келіп болды, оның тамырына қазір балта шаппасақ, ертең бармақ шайнап қалатынымыз айдан анық.  Сондықтан митингке келген балалардың ата-аналарынан сұрау алынсын. Барлық платформаларда, соның ішінде әлеуметтік желілерде ұлттық мәдениетімізге сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсетуге және насихаттауға тыйым салынсын. Теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормалары жасақталып, Парламентке қарастыруға енгізілсін. Республика көлеміндегі оқу орындарында ұлттық құндылықтарды, мәдениетті насихаттау сабақтары оқытылсын»,
- деген ұсыныстарын білдірген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
28.04.2024ж. 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →