×

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» басшылығы 45,5 млн теңге көлемінде қаржы жымқырған

Директор және басқа да басшылар техникаға қажет жаңа бөлшектерді сатып отырған, техника істен шыққан

Екібастұздағы «Богатырь Көмір»  басшылығы 45,5 млн теңге көлемінде қаржы жымқырған
azattyq-ruhy.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекетін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, автобаза директоры серіктестікте басшылық қызмет атқаратын басқа лауазым иелерімен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 млн теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді.

“Қылмыстық схема бойынша көлік құралдарының қосалқы бөлшектері есептен шығарылып, жаңасын алу және оларды орнатуды имитациялап, құжаттарға қол қойылған. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан, арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрған. Ал, күдіктілер жаңа қосалқы бөлшектерді сатып отырған. Ұсталғандардан ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді”, – делінгег хабарламада.

Сот олардың кінәсін толық мойындауына байланысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →