×

Жанармай құю станцияларында бензин мен дизель бағасы өзгерген жоқ - Министрлік жауабы

Осы аптада бензин мен дизель отынының шекті бағасын бекітті

Жанармай құю станцияларында бензин мен дизель бағасы өзгерген жоқ - Министрлік жауабы
Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Энергетика министрлігі осы аптада бензин мен дизель отынының шекті бағасын бекітті. Алайда Қазақстандағы жанармай құю бекеттеріндегі жанармай құны бұрынғысынша сақталып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Бензин мен дизель отыны бағасының өсуі болған жоқ. Энергетика министрлігі қазіргі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Энергетика министрлігі шекті бағаны реттейді, қалғаны нарықта реттеледі. Ең бастысы, нарықтағы баға бекітілген шекті бөлшек сауда бағасынан жоғары болмауы керек", - деді ведомство өкілдері.

Ведомство мәліметінше, жанармай құю бекетінде бұрынғы бағамен сатып алынған жанармай қалдығы әлі де бар. Оны жанармай құю бекеттері ескі бағамен сатады. Жаңа өнім келгенде, баға өзгеруі мүмкін.

Алайда Энергетика министрлігі бағаның шекті деңгейін ғана реттейтінін түсіндірді. Жанармай құю станциялары бағаны лимиттен төмен түсіргісі келсе, мұндай шешімді өздері қабылдауға құқылы.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан Қытайдан тағы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартады
02.09.2025ж. 08:22

Қазақстан Қытайдан тағы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартады

Президенттің Қытайға сапарының қорытындысы бойынша Қазақстанға тағы миллиардтаған инвестиция құйылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →