×

Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл - мейірімділікті, бейбітшілікті, әділдікті дәріптейтін мереке

Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
culture.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

"Құрметті отандастар!

Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл - мейірімділікті, бейбітшілікті, әділдікті дәріптеп, жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақындарына жанашыр болуға шақыратын мейрам. Мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына негіз болып отырған гуманизм, діни төзімділік және тілеулестік сияқты құндылықтарды орнықтыруға Православ қауымы зор үлес қосып келеді.

Қазақстанда заң үстемдігін орнықтыру, азаматтарға тең мүмкіндіктер ұсыну және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ауқымды өзгерістер жалғаса береді. Біз жалпыұлттық бірлікті нығайтып, баға жетпес байлығымыз - этностар мәдениетінің және діни салт-дәстүрдің әралуандығын сақтаймыз. Пасха мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!" – деді Президент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Кеше, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →