×

«Ұлттық киноны қолдау емес, қорлау орталығы»: Алматыда бір топ режиссер, продюсер шу шығарды

160 жоба эксперттік кеңестің талқылауына жіберілмеген

«Ұлттық киноны қолдау емес, қорлау орталығы»: Алматыда бір топ режиссер, продюсер шу шығарды
Ашық дереккөздерден

Алматыда бір топ режиссер, продюсер осылай шу шығарды. Айтуларынша, байқауға өтінім берген 270 құжаттың жартысынан көбін болмашы қателік үшін өткізбеген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

2019 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен Ұлттық киноны қолдау орталығы құрылды. Мемлекет бөлген қаржыны байқау арқылы үлестіруге осы мекеме міндетті. Жылда сома құбылғанмен, көлемі қомақты. Биылдың өзіне 3 млрд. теңге қарастырылған. Бүгін ашынып, жанайқайын жеткізуге жиналғандар – байқауға қатыспай жатып, құжатындағы болмашы кілтипан үшін жарыс жолынан шығып қалғандар.

«Құжаттарда кеткен болымсыз, түкке тұрмайтын қателіктерге бола 160 жобаны эксперттік кеңестің талқылауына жібермей отыр. Негізі процестің өзі сценарийді талқылау ғой. Бұл жерде бізден ең басты нәрсе сценарий болуы керек еді, бұл жерде құжат алға шығып кетті де, бір он минутта, бес минутта өзгертуге болатын қателерге бола, көп адамның интеллектуалды еңбегі бір жолда, бір сәтте бәрі шығып қалды», - дейді режиссер Әрібибек Өр Алтай.

«Бұл – киноны қолдау емес, киноны қорлау қоры. Мысалы, менің төрт жобам із-түзсіз кетті. Қазіргі күнге дейін мен алған жоқпын, не себеппен оларды қайтарғанын бңлмеймін. Арызда бұлардың сұрамайтыны жоқ. Ертең не сатып аламыз, киноны кімге сатасың дейді. Әй, көке, ертең өзіңнің не боларыңды білмейсің ғой», - деді режиссер Ғали Мырзашев.

Түзеуге мұрсат бермей, құжаттағы қателікке бола бет қаратпай отырған орталықтың осынша жобаны нақақтан-нақақ ысыруын киногерлер түсіне алмай жүр.

«Бәрін біз былтырғыдай тапсырдық. Бірақ, биыл сол құжаттарды басқаша қабылдап жатыр. Шығармашылық адамдарға көмектесудің орнына, олар бізге әдейі қиын қақпан құрып жатыр. Сметаның үлгісі осындай кезеңде конкурстық талдау уақытында болмауы керек, өйткені біз әлі үміткерміз. Әлі келісімшартқа отырған заңды тұлға емеспіз», - дейді продюсер Ардагер Сантыбай.

Көмбенің үстінде отырған орталық “даурығуға себеп жоқ” деген сыңай танытты. Алдын ала байқау шартын жариялағандарын, ережемен бүге-шігесіне дейін танысуға уақыт болғанын, құжаты өтпегеніне өздері кінәлі екенін айтады.

«Мысалы, салық жағынан ешқандай қарыз болмауы керек. Кейбіреуінде қарыз бар екен. Ережеде “Қарызы болса, салық төленбесе, біз оны қабылдамаймыз деген” алдын ала жарияланды. Біздің бүкіл процедура осы ережелермен шектелген. Ол бекітілген. Біздің қолымызда ештеңе жоқ, мысалы, қазір біз көмектесе алмаймыз», - деді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының кеңесшісі Қанат Төребай.

Түйіткілдің түйінін тарқату тікелей Мәдениет және спорт министрлігіне байланысты. Осы мәселе бойынша комиссия құрып та үлгерген. Оң шешім қабылдаса, «қайранда қалған қайықтың күйін кештік» деген 160-қа жуық режиссер өз жұмысын аламанға қайта қоса алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →