×

Алматы маңында бүгін екі рет жер сілкінді

Эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Алматы маңында бүгін екі рет жер сілкінді
Ашық дереккөздерден

Бүгін таңертең Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта екі рет жер сілкінді, деп хабарлайды Qaz365.kz «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-не сілтеме жасап.

Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі бүгін, 16 сәуір күні, жергілікті уақытпен сағат 8:55-те тіркелген.

«Эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 3.8. Эпиорталық координаттары – 43.28° с.е. және 77.43° ш.б. Тереңдігі - 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін жергілікті уақытпен сағат 7:40-та да жер сілкінісі тіркелген. Оның эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 325 км қашықтықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында болды. Энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 43.44° с.е. және 80.90° ш.б. Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →