×

Тағы да әлімжеттік: Семейде оқушы қызды қатарластары аяусыз соққыға жыққан

Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Тағы да әлімжеттік: Семейде оқушы қызды қатарластары аяусыз соққыға жыққан
Ашық дереккөздерден

Семейде оқушы қыз соққыға жығылды. Соққыға жыққан оқушы қыздар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында бейнежазбаны анықтаған. Онда қала мектептерінің бірінде оқитын оқушы қыздар өзге оқушы қызға дене жарақатын салып жатқан.

«Оқиға 10 сәуір күні Семей қаласында болған. 15 сәуір осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек
Кеше, 17:41

Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек

Жаңа нөмірлерді 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін орнатуы керек
Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Оның айтуынша сот процесі бар кемшілігін ашып көрсеткен
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар осы айда қатарынан үш күн демалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →