×

Болат Назарбаевтың 1,5 мың гектарға жуық жері мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін

Заңсыз жолмен алған учаскелер мемлекетке қайтарылады

Болат Назарбаевтың 1,5 мың гектарға жуық жері мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін
Ашық дереккөздерден

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың 1,5 мың гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Пятый регион-ға сілтеме жасап. 

«Жер заңнамасын сақтау мәселелері жөніндегі өткен алқада Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Қарасай ауданында еліміздің Тұңғыш Президентінің туыстары заңсыз жолмен алған учаскелер мемлекетке қайтарылғанын хабарлады», - деп жазады басылым. 

Ауданы 1485 га жер учаскесін бастапқыда Нұрсұлтан Назарбаевтың сотталған жиені Қайрат Сатыбалды жалға алған, кейін Болат Назарбаевтың меншігіне өткен.

«Жерді беру кезінде «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бұл учаске Алматы қаласымен шектесетінін, дәлірек айтсақ, қала маңындағы аумаққа кіретінін ескермеген. Сол себепті ауданның жер қатынастары бөлімі жерді бере алмады, өйткені бұл ҚР Үкіметінің құзыретінде еді. Аукцион өткізіп бас қатырмау үшін әкімдік бұл жерлерді «жеке орман өсіру үшін» деп атады, дегенмен бұл жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатына жатады және мемлекеттің ерекше қорғауында болды (Жер кодексі 97-баптың 3-тармағы)», - делінген материалда. 

Алайда қазір жауапкер апелляциялық шағым беру үшін қосымша уақыт сұрады. Сот 28 сәуірге дейін уақыт беру туралы шешім қабылдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →