×

Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шекті

Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған

Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шекті
t.me/qr_tjm

Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, оқиға бүгін Астана уақытымен сағат 5:00-дер шамасында болған.

Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған.

Өрт болған жоқ, (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп - салдары анықталуда.

«Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →