×

Өскемендегі әлімжеттік: прокуратура ата-аналарға үндеу жасады

Прокуратура аталған жазбаны тарату фактісі бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр

Өскемендегі әлімжеттік: прокуратура ата-аналарға үндеу жасады
видеодан кадр

Осы жылдың наурыз айында Өскеменде жасөспірім қызды өзімен қатарлас қыздар ұрып, соққыға жыққан. Бұл оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде тарады. Прокуратура осы оқиғаға байланысты ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қадағалау органы қазіргі уақытта полицияның бұзақылық фактісі бойынша да, аталған жазбаны тарату фактісі бойынша да қылмыстық істерді тергеп жатқанын хабарлады.

“Біріншіден, жоғарыда аталған бейнероликтің таралуы (қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын жазба) жәбірленуші мен оның туыстарына моральдық және психологиялық азап әкелетінін ескере отырып, Сіздерден осы бейнежазбаны таратпау және оны балалардың телефондарынан алып тастау (жою) үшін шаралар қабылдауларыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, осындай бейнематериалдарды таратқан жағдайда, қолданыстағы заңнамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді).  

“Екіншіден, бүгінде қаланың оқу орындарында буллингтің басқа да фактілері (қорлау, қысым, агрессия көрсету) орын алуы мүмкін.

Көбінесе, буллингке ұшыраған балалар мұндай фактілерді ересектерге жеткізуден қорқады. Нәтижесінде, бұл құқық бұзушылықтар құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалады. Соның салдарынан «агрессорлармен» профилактикалық жұмыс жүргізілмейді”, – деп мәлімдеді ведомстводан.

Оқушылардың ата-аналары мұндай құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауда өте маңызды рөл атқарады. Прокуратура егер сіздің балаңыздың мектеп буллингінің құрбаны болғанын білсеңіз, бұл туралы дереу полицияға (Қабанбай батыр көшесі, 152; тел. «102») немесе қала прокуратурасына (Шәкәрім даңғылы, 58; тел. 75-48-48; 8-778-775-48-48) хабарлауыңызды сұрайды.

“Үшіншіден, құқыққа қайшы әрекеттер жасайтын балалардың ата-аналары да, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін, әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, сәуір айының басында әлеуметтік желіде өскемендік қыздың соққыға жығылған видеосы пайда болған еді. Видео дәретханада түсірілген, жасөспірім қыз өз құрдасын ерекше қатыгездікпен ұрған. Екіншісі болып жатқанның барлығын видеоға түсіріп алған. Бұл жағдай қоғамда наразылық тудырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →