×

"Бұл айсбергтің беті ғана": Жаманқұлов Мұхамедиұлының адвокаты таққан айыпқа жауап берді

Тұңғышбай Жаманқұловтың айтуынша, ақпаратты Мұхамедиұлының қызметкерлері берген

"Бұл айсбергтің беті ғана": Жаманқұлов Мұхамедиұлының адвокаты таққан айыпқа жауап берді
Фото: "Бірегей" бағдарламасы

"Бұл айсбергтің беті ғана". Актер Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстан Мұхамедиұлының адвокатының тосын мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Тұңғышбай Жаманқұловтың айтуынша, ақпаратты Мұхамедиұлының қызметкерлері берген.

“Ол жалған ақпарат емес. Ол ақпаратты өзінің бірге істеген қызметкерлері берген. Бұл әлі айсбергтің беті ғана. Оның әлі астын білмей жатыр. Бір-екі жылда 5 миллиардқа баю деген фантастикалық жағдай ғой. Мен ешқандай кегімді алған жоқпын. Бұл – өзінің қызметкерлері растаған факт. Ол арыздың жоғары жаққа жетуінің барлық жолын жапты. Мен апарған соң ғана жетті”, – деп мәлімдеді актер.

Еске сала кетейік, актер Тұңғышбай Жаманқұловтың арызы бойынша экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Ал экс-министрдің адвокаты Мұстахим Төлеев бүгінгі сот отырысында Тұңғышбай Жаманқұловтың жалған ақпарат таратқанын айтты

“Тұңғышбай Жаманқұлов көпе-көрінеу жалған ақпарат таратып, менің қорғауымдағы Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен прокуратураға арызданып, соның негізінде заңсыз қылмыстық іс қозғалды”, – дейді экс-министрдің адвокаты.

Адвокат Мұстақым Төлеев актер Тұңғышбай Жаманқұлов экс-министрен кек алып жатыр деп есептейді. Алайда актердің өзі фигурант емес екенін айтады.

“Сотталушылардың бірі Жаманқұловты сотқа шақыруды сұрады. Біз одан жауап алынуына қарсы емеспіз. Бірақ ол өзі келмейді. Мәжбүрлеп те ешкім алып келе алмайды”, – деді қорғаушы.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Бүгін, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →