×

Сотта Гүлмира Сатыбалдының зәулім сарайы көрсетілді

Ол адам ұрлағаны және озбыр көрсеткені үшін айыпталуда

Сотта Гүлмира Сатыбалдының зәулім сарайы көрсетілді
Видеодан кадр

Сотта Гүлмира Сатыбалдының Алматы облысындағы зәулім үйі көрсетілді, тергеу мәліметтері бойынша, ұрланған Айгүл Мекешеваны сол жерде ұстаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы жалғасуда. Ол адам ұрлағаны және озбырлық көрсеткені үшін айыпталуда. Сондай-ақ, екі кәсіпкер оның үстінен бизнесін тартып алды деп шағым түсірген.

Сотта қаралған қылмыстық істің барысында жәбірленуші Айгүл Мекешева өзін қалай ұрлағанын айтып, көрсетіп берген материалдар қаралды. Кадрларда Гүлмира Сатыбалды Алматы облысындағы Жандосов кентіндегі сарайы көрсетілді. Жәбірленушінің айтуынша, оны дәл осы жерде еркінен тыс ұстап, өз компаниясын басқа адамдардың атына аударып беруге мәжбүрлеген.

"Жарық жоқ, қап-қараңғы. Мен қатты қорқып, жарықты жағуды өтіндім, бірақ олар маған: "Жоқ, сен бұған лайық емессің", - деп жауап берді. Біраз уақыттан кейін баспалдақпен төменге Гүлмира Сатыбалдының оң қолы Әйгерім Сыздықова баспалдақпен түсті. Оның қолында сөмкесі мен құжаттар болды. Мен «осынша шоудың қандай қажеті бар еді, құжаттарға қолды кіреберісте-ақ қойып берер едім ғой» дегенімде, ол тек Гүлмира Сатыбалдының тапсырмаларын орындайтынын айтты. «Өзің білесің ғой, оның бұйрықтары талқыланбайды, тек орындалады", - деді. Сөйтті де маған: «Бері қара, таңдау өзіңде, үлкен қызыңды не кіші қызыңды таңда. Егер қол қоймасаң, олар үйде жалғыз қалды, біз олардың көзін жоямыз", - деді. Мен уайымдап, қатты күйзеліс үстінде болдым, ешқандай сұрақ қоймадым. Өзімді сабырлы ұстауға тырыстым және әкелген құжаттарының барлығына қол қоятынымды айтып, тек мені босатуды өтіндім», - деді жәбірленуші Мекешева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →